Құқық
Таразда жазасын өтеген Шри-Ланканың 3 азаматы өз еліне қайтарылды
- author «Ақ жол»
- 31 наурыз, 2023
- 826
Таразда жазасын өтеген Шри-Ланканың 3 азаматы өз еліне қайтарылды
Елімізде қолданыстағы заңға сәйкес шекараны заңсыз кесіп өтетіндерге ең қатал жаза қолданылатыны белгілі. Яғни, мұндай заң бұзушылыққа барғандар сот үкімімен бас бостандығынан айырылады. Алайда, заңды белшесінен басқысы келетіндердің қатары әлі күнге азаймай тұр. Өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінде жазасын өтеген Шри-Ланка мемлекетінің 3 азаматы осындай іс-әрекетке барғаны үшін айыпты деп танылған. Нақтылай түссек, оңтүстік Азиядағы аралды елдің азаматтары тәуелсіз Қазақстанның шекарасын заңсыз кесіп өтпек болғанда қолға түскен.
Енді олар жаза мерзімінің аяқталуына байланысты еркіндікке жолдама алып отыр. Өзге елдің азаматтарын депортациялау жұмыстары бұдан әрі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдеріне жүктелетін болады.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




