Таразда «Наурыз - құт береке бастауы» атты балалар фестивалі өтті

Таразда «Наурыз  - құт береке бастауы» атты балалар фестивалі өтті
ашық дереккөз
Таразда «Наурыз - құт береке бастауы» атты балалар фестивалі өтті
Наурыз мерекесіне орай Таразда «Наурыз  - құт береке бастауы!» атты балалар фестивалі өтті. Шараға білім бөлімінің мамандары, оқушылар сарайының тәрбиеленушілері мен ата-аналар қатысты. Фестиваль 7 шығармашылық аймаққа, атап айтқанда, «Фото», «Бауырсақ Пати», «Шығармашылық», «Ұлы дала сұлулығы», «Мерекелік», «Спорттық», «Ойын-сауық» болып бөлінді. Балалар қалауынша әр аймаққа бөлініп, өнер көрсетіп, сондай-ақ сурет салып жарысты. Бұдан бөлек, спорттық бәсекелер ұйымдастырылды. Жалпы, фестивальде 600 бала қатысты. Шара барысында оларға ыстық бауырсақтар таратылды.

Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар