Жаңалықтар
Түрікменстан Республикасымен әуе қатынасы қайта ашылады
- author «Ақ жол»
- 10 наурыз, 2023
- 378

Түрікменстан Республикасымен әуе қатынасы қайта ашылады
Ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын ұлғайту жөніндегі жұмыс шеңберінде Азаматтық авиация комитеті түрікмен тарапымен бірлесіп Қазақстан мен Түрікменстан арасында әуе қатынасын жаңарту мәселесін пысықтады, деп хабарлайды ҚР ИИДМ. Осылайша, «Түрікменстан» әуекомпаниясы 2023 жылғы 26 наурызда екі ел арасындағы тұрақты жолаушылар рейстерін қайта бастауды жоспарлап отыр. Рейстер Алматы-Ашхабад бағыты бойынша аптасына 2 рет жиілігімен сейсенбі және бейсенбі күндері «Боинг-737» үлгісіндегі әуе кемелерінде орындалатын болады.
Әуе қатынасын жаңарту елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.
Орталық коммуникациялар қызметі
Ұқсас жаңалықтар
Меркідегі орталық базар көшедегі дегелі көп болды...
- Бүгін, 01:20
Облыс әкімі азаматтарды қабылдады
- Бүгін, 00:08
Ақпарат
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді