Нәзік жанды ҚАЖ қызметкерлері марапатталды
 Өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінің бастығы, әділет подполковнигі Нұржан Кузембаев 8 наурыз – халықаралық әйелдер күніне орай әріптестерін құттықтады. Салтанатты жиында Нұржан Қайратұлы қиындығы мол ҚАЖ саласында еңбек ететін әрбір әйел баласы сый-құрметке лайық екенін жеткізіп, оларға өз ризашылығын білдірді. - Құдайдан кейінгі құдірет иесі – Ана. Сіздер жұмыс барысында бізге әріптес болғандарыңызбен, шаңырақтарыңызда аяулы ана, ибалы келін, қылықты қыз екендіктеріңіз белгілі. Шуақты көктемнің алғашқы мерекесі қарсаңында баршаңызға ұжымдағы ержігіттердің атынан бар жақсылықты тілей отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін, - деді Н.Кузембаев.
Айта кетейік, бұл күні қызметін мінсіз атқарған бірқатар нәзік жанды тәртіп сақшылары марапатқа ие болды. Расында, арнайы контингентпен тікелей жұмыс істейтін арулар қашанда құрмет биігінде. Себебі, олар өр тұлғалы ержігіттермен иық тірестіріп, қоғам тыныштығын сақтауға өлшеусіз қосып жүр.
 Ұқсас жаңалықтар
Бұршақты дақылдардан 1 миллион тонна өнім жиналды
- Бүгін, 11:59
 
Оқушы мектеп асханасынан неге тамақ ішкісі келмейді?
- Бүгін, 00:57
 
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
 
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
 
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
 
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




