Қария керек емес пе?

Қария керек емес пе?
ашық дереккөз
Қария керек емес пе?
Мен 2006 жылдан бері Тараз қаласында бастауыш ардагерлер ұйымын басқарып келемін. Соңғы жылдары басшылардың ауысуына байланысты араласуымыз сиректеп, жиынға шақыру да тоқтап қалды. Бұрын №2 округ әкімінің ардагерлер төрағасы Шымбай Ахметов жиналыс жасап, кездесу өткізіп, газетке де жаздырды. 2022 жылдың жартысынан бастап газетке жаздырып беруді қысқартып тастады. Себебін білу үшін қалалық ардагерлер кеңесінің орынбасары Күләш Әбдікешовадан «Былтырдан бері «Aq jol», «Ғұмыр-Дария» газетін алушы едім, қазір келмей қалды» деп сұрадым. «Қала әкімі Ержан Жылқыбаев қысқартып тастады, соған барыңыз» деді ол. Бұл дұрыс па? Әкімге жолығу үшін қабылдауын бір ай көлемінде күту керек. Білгім келетіні, газетке бөлінген қаржыны неге шегерді? Қариясы бар ел, қазынасы бар ел емес пе? «Ақылдасып пішкен тон келте болмайды» деуші еді, біздің қажетіміз болмай қалды ма? Соны түсінбедік... Тағы бір айтайын дегенім, «Мемлекетіміздің басты байлығы адам деп бекер айтылмаған. Сондықтан, адамдардың денсаулығын жақсартуға көп жағдай жасалып жатқанын көріп жүрміз. Біз №9 емханаға бекітілгенбіз. Бұрын Қазыбек би көшесіндегі ғимаратта еді, Сүлейменов көшесіне көшірілді. Ондағы ғимарат күндізгі емдеу мекемесі бар болғандықтан күндізгі емхананы Қазыбек би көшесіндегі №104 ғимаратқа орналастырды. Емхана білікті мамандармен толықтырылған. Таза әрі ыңғайлы жағдай жасалған деуге болады. Тек аурулардың бұл емханаға жетуі қиындық тудыруда. Емханаға жаяу бару үшін орталықтан бір шақырымдай жер жүру керек. Әсіресе, жауын-шашында, ызғарлы күндері жүру азап. Сондықтан, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бір бағытты автобусты Шахристаннан Қазыбек би көшесі арқылы жүргізсе екен деген тілек бар.  

Рақымжан БӨЛЕКБАЕВ,

«Құлан» бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы.

Ұқсас жаңалықтар