Мас жүргізушілерді ұстады
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша профилактикалық іс-шараларды өткізу кезінде полицейлер автокөлікті мас күйінде басқару деректерін анықтады. 26 ақпанда Талас ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзған 52 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы «Volkswagen Passat» маркалы автокөлікті тоқтатты. Құжаттарды тексеру кезінде патрульдік полиция батальонының инспекторлары көлік жүргізушісінің мас екенін байқап, оны медициналық куәландыруға жеткізді. Қорытындыға сәйкес, ер адамның мас күйінде болғаны анықталды.
Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы, 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Автокөлік айыппұл тұрағына қойылды.
Сондай-ақ, Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері мас күйінде «Лада» маркалы автокөлікті басқарған 32 жастағы ер адамды ұстады, оның сот шешімімен 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды. Осы дерек бойынша ҚР ҚК 34-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Облыстық полиция департаментінің мәліметі бойынша дайындаған
Жүрсінгүл ЖАҚЫП.
Ұқсас жаңалықтар
Жазасын өтеушілер дін саласының өкілдерімен кездесті
- 16 қазан, 2024
Тауар таңбасы заңмен қорғалады
- 8 қазан, 2024
Ақпарат
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді