Басты мақсат – тұрақты жұмыспен қамту
Бүгінгі таңда темір торға тоғытылғандарды жұмыспен қамту маңызды мәселелердің бірі. Осы орайда, ҚАЖ Комитеті тарапынан кешенді шаралар қолға алынған. Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінде өткен дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – жазасын өтеушілерді тұрақты ақылы жұмыспен қамтуға ықпал ету. Мекеме бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Бақтияр Оңбаевтың төрағалығымен өткен жиынға бірқатар кәсіпорын басшылығы да арнайы қатысты. Олардың қатарында «Вилла-Строй», «Ержан», «Компания Самұрық» және «Запчасть» жеке кәсіпкерлігінің өкілдері болды. Жиын барысында Бақтияр Әлмаханұлы екі жақты жүргізілген келіссөдер нәтижесінде сотты болған азаматтардың еңбекпен қамтылуына ықпал етуге болатынын атап өтті.
- Кәсіпкерлерді түзеу мекемелерінің аумағында өз кәсіп ашуға шақырамыз. Бұл ретте мекеме тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетін болады. Жалпы, жазасын өтеушілердің жұмыспен қамтылуы жеке кәсіпкерлер үшін де тиімді. Өйткені, сіздер мұндағы жұмысшыларға көп қаражат төлемей-ақ сапалы өнім өндіресіздер, - деді Б.Оңбаев.
Жиын соңында мекемеде сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру тобының аға инспекторы, әділет аға лейтенанты Нұрсұлу Кенишбаева сөз алып, бүгінде мұнда 155 сотталған азамат еңбекпен қамтылғанын жеткізді.
Ұқсас жаңалықтар
Жол-көлік оқиғасы неге көп?
- 6 қараша, 2025
Тараздағы қоныс колониясынан ақтаулық азамат босап шықты
- 30 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




