Әлеумет
Жамбыл облысындағы сарбаздың өлімі: шенеуніктер жұмысынан шеттетілді
- author «Ақ жол»
- 16 ақпан, 2023
- 511
Жамбыл облысындағы сарбаздың өлімі: шенеуніктер жұмысынан шеттетілді
Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов айтты. "Жамбыл облысы бойынша шекара қызметі департаментінің басшысы, шекара басқармасының басшы, оқиға болған жердегі заставаның тәрбие жөніндегі орынбасары лауазымдарынан шеттетілді. Олар тергеудің аяқталуын күтіп отыр. Болашақта осы лауазымды тұлғаларға шаралар қабылданады", - деді ол. 2022 жылғы 19 тамызда Жамбыл облысындағы "Шөлдала" шекара бөлімінде 18 жастағы сарбаз Бекбол Мираш асылып қалған жерінен табылды. Содан кейін қылмыстық іс қозғалып, cержант Айбек Нұртаев қамауға алынды. Дереккөз: Halyq uni ақпараттық порталы
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




