Әлемдегі ең қымбат кітаптың авторы

Әлемдегі ең қымбат кітаптың авторы
ашық дереккөз
Әлемдегі ең қымбат кітаптың авторы
Ирландияда оның есімін «ұлт қамқоршысы» ретінде бәрі жақсы біледі. Ол – жазушы Джеймс Джойс еді. Джеймс Августин Алойзий Джойс көкшіл мәдениет ішінде аштық пен миграция жайлаған, жасыл жылан құмарлар саналатын Ирландияда, қазіргі Дублин штаты, Rathgar ауданында 1882 жылы дүниеге келген. Ол белгілі халық әнінде айтылатын «Thursday`s child for to go» («Бейсенбіде өмірге келген бала») деген сөзді өз өмірімен ақтап өтті. Әкесі – Джон Станислаус Джойс, анасы – Мэрри Мэй Джойс. Бірақ ол әкесімен жақсы қарым-қатынаста бола алмады. Ол туралы өз күнделігінде: «Менің кітаптарымдағы жүздеген кейіпкерлер образы әкемнен алынған» дейді және сол кезеңде «ол қаржы қыспағына ұшырады…» деп жазады. Бір кездері Джон Джойс салық мекемесінде жұмыс істеп жүргенде қаржылық жағдайына бас алаңдатпайтын. Бірақ жазушының әкесіне 1891 жылғы жұмыстан қуылуы қатты соққы боп тиді. Джеймс Джойс қатаң католиктік тәрбиеде өсті. Ол 1902 жылы «University college»-ін үздік тәмамдайды. Жоғары оқу орнында оқып жүріп ол алғаш прозаға қалам тартады. Сөйтіп мақалалар, эсселер жазып және пьесалар аударады. 1902 жылы медицинаны оқу мақсатында Парижге сапар шегеді және сондағы ұлттық кітапханада өлең жазады. Ақырында «Камералық музыка» жинағы мен шағын «Эпифаниям» прозасын дүниеге әкелді. 1903 жылы 10 сәуірде әкесі Джойсқа анасының ауыр халде жатқандығы туралы телеграмма жібереді. Джойс Парижді тастап, Дублинға оралады. 13 тамызда анасы Мэрри Мэй дүниеден өтеді. Джойс анасының өтініші болса да, өзін шіркеуге бармағандығы үшін кінәлі санайды. Өз туған жерінде Джеймс Джойс сабақ беріп, ән айтудан және журналистикадан лекция оқып, аздап ақша табады. «Дублиндықтар» жинағына арнап өлеңдер мен ертегілер жазады. 1903 жылдың 10 шілдесінде Голуэйлік сұлу Нора Барнаклмен кездеседі. Жазушының әкесі өз ұлының Барнакл текті қызбен кездесіп жүргенін біліп, «ол қыздың оны ешқашан тастамайтынын» айтып келісім берген еді. Әке келісімі соңғы өсиет болғандай екеуі атастырылып қойып, заңды некелері арада 27 жыл өткеннен соң ғана Лондонда қиылады. 1904 жылдың 16 шілдесі – «Улисс» романында жазылған әдебиет тарихындағы ең ұзақ күн еді. Дәл сол күні Джеймс пен Нора арасындағы алғашқы шынайы кездесу де басталған болатын. Және дәл сол күн – жан-жақтан ағылатын жазушының жанкүйерлері үшін шынайы кейіпкерлерді көріп, көшелерді аралап, сары сырамен атап өтуге тиіс мейрам болып қалыптасқан. Келер он жылдығының көбісін Джойс Еуропа елдерінде жұмыс істеумен өткізеді. Ол жазуды тоқтатпайды, бірақ басылым беттері оның жазғанынан үнемі бас тарта берді. 1909-1912 жылдары Джойс «Дублиндықтарын» баспаға бергісі келеді. Сөйтіп Mounsel баспаханасымен келісімшарт жасасқаны сол-ақ еді, қоғамдық пікірде дау тудырып, кітаптың барлық тиражы өртеледі. Себеп біреу: ертегілер патриоттыққа тәрбиелемейді. Осылайша қорланған Джойс енді өз Отанына оралмаймын деп ұйғарады. 1921 жылдың 29 қазанында Джойс «Улиссті» жазып бітірді. Жазушының өзі айтқандай, «Улисс» 1 наурызда басталып, 30 қазан күні, яғни ақын Эзра Паундтың туған күнінде жазылып біткен. Осы туындыны жазу барысында автор өзінің 20 мың сағат жұмыс істегендігін және оның пайдаланбаған 12 килограмдай ғана жаман парағы қалғандығын айтады. Бірақ сыйдың орнына Джеймс сөгіс естиді. Роман АҚШ-та және Ұлыбританияда тыйым салынған болатын. Осылайша «Улисс» алғашқы он екі жылда ұмыт болады. Тек 1933 жылы сот шешімімен АҚШ-та жариялануға рұқсат етіліп, артынан 1936 жылы Ұлыбританияда шыққан болатын. Ал Джойсқа даңқ 1930 жылдардың соңында, яғни қайтыс болуына санаулы уақыт қалған кезде ғана оралған еді. Оның ең фантосмогорифтік әрі аударуға келмейтін, тек көптілді оқырмандарға ғана арналған мағыналық кітабы – «Финнегалов полина». Бұл кітап 1883 жылы басылып шыққан болатын. Ал 1939 жылы Джойстың портреті «Таймс» журналының мұқабасына да шығып үлгерген еді. Джеймс Джойс 1941 жылдың 13 ақпан күні 58 жасында Chwesternhouse von Reterkreuz Hospital ауруханасында дүниеден өтті. Бүгінгі таңда оның «Улисс» романы таралымы бойынша бірінші орын алатын ХХ ғасыр көркем әдебиеттерінің ең бағалысы. Boon and Magazine Collection журналының рейтингісіне сүйенсек, автордың қолымен жазылған «Улисстің» алғашқы басылымы қазір 100 мың доллар тұрады екен. Бұл ХХ ғасыр кітабына берілген ең қымбат баға.  

Дайындаған Нұржан ҚАДІРӘЛІ.

Ұқсас жаңалықтар