Әлеумет
Жастарға жеңілдікпен несие беру кезінде бизнес-жобалардың өзектілігі негіз болады
- author «Ақ жол»
- 13 қаңтар, 2023
- 314

Жастарға жеңілдікпен несие беру кезінде бизнес-жобалардың өзектілігі негіз болады
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жастарды әлеуметтік қолдау шараларын әзірледі. 6 мың жас азаматқа 5 жылға 2,5%-бен 5 млн теңгеге дейін жеңілдікпен несие берілетін болады.
Ерекше қажеттіліктері бар жастарға және халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан азаматтарға 1,2 млн теңге мөлшерінде 9 мың грант беріледі. Осы мақсатта 28 млрд теңге бөлінді.
ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова атап өткендей, бұл қаржы 35-ке дейінгі жастарға арналған.
Т. Дүйсенованың айтуынша, несиені әртүрлі санаттардағы 18 бен 35 жас аралығындағы жастар ала алады.
«Конкурс өткізіліп, әркім өзінің бизнес-жоспарын ұсынады. Бизнес-идеяның өзектілігі жастарға несие беруге негіз болады», - деді министр.Т. Дүйсенованың айтуынша, бизнес-идеялардың өзектілігін өңірлер анықтауы керек, өйткені жергілікті жерлерде қандай жоба қажет екенін олар жақсы біледі. Сондай-ақ еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі ерекше қажеттіліктері бар жастарға 1,2 млн теңге көлемінде грант қалатынына назар аударды, ол өтеусіз беріледі.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Сотқа деген сенім – бәрінен маңызды
- 1 шілде, 2025
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді