Жаңалықтар
Жамбыл облысы әкімі Нұржан Нұржігітовтің Рождество мерекесімен құттықтауы
- author «Ақ жол»
- 7 қаңтар, 2023
- 792
Жамбыл облысы әкімі Нұржан Нұржігітовтің Рождество мерекесімен құттықтауы
Құрметті жамбылдықтар!
Өңіріміздегі православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтаймын!
Бұл - әрбір христиандық сенушілердің өміріндегі маңызды әрі жарқын мерекесі!
Рождество - үндестік пен өзара түсіністікке шақыратын, көптеген адамдардың жүректерін үміт пен махаббатқа толтыратын мейрам.
Тәуелсіз Қазақстанда өзара толеранттылықта түрлі этностар мен діни сенімдердің өкілдері мекен етуде.
Облысымыздағы православие христиандары басқа да дәстүрлі дін өкілдерімен тығыз қарым-қатынаста өмір сүріп, аймақтың рухани-әлеуметтік, саяси-экономикалық дамуына, конфессияаралық келісім мен қоғамдық тұрақтылықты нығайтуға өз үлестерін қосып келеді.
Өңірдің барлық православие христиандарына, әрбір отбасыға шын жүректен жақсылық, бақыт, зор денсаулық пен амандық тілеймін!
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




