Саясат
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Рождество мерекесімен құттықтауы
- author «Ақ жол»
- 7 қаңтар, 2023
- 240
![Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Рождество мерекесімен құттықтауы](https://aqjolgazet.kz/uploads/resized-images/2023/01/5251cf0e-bfbb-49d9-8ec2-ac2b2c10f455.jpeg)
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Рождество мерекесімен құттықтауы
Қымбатты отандастар! Барша православ христиандарын Рождество мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мейрам үміт пен қуаныш сыйлайды, жақсылыққа және әділдікке шақырады. Басқа дәстүрлі діндер секілді христиан діні де мейірімділік, жанашырлық, сүйіспеншілік сияқты қастерлі құндылықтарды арқау еткен.
Біздің қоғамымызда түрлі дінді ұстанатын, дүниетанымы әртүрлі жандарға адамгершілік жолын нұсқайтын жоғары гуманистік идеалдар берік орныққан. Православ діні қоғамымыздың ажырамас бөлігі ретінде жалпыұлттық бірлігімізді нығайтуға, мәдениеттер мен дәстүрлер әралуандығын сақтауға ықпал етіп келеді.
Халықтың ынтымақ-бірлігі және тілектестігі тұрақтылығымызды нығайтып, еліміздің өсіп-өркендеуіне және жан-жақты жаңғыру жолымен алға нық қадам басуына кепіл бола беретініне кәміл сенемін.
Баршаңызға зор денсаулық, толағай табыс тілеймін!
Әр шаңырақ бақ-берекеге кенелсін!
Ұқсас жаңалықтар
Жазғы лагерьлердің жартысына жуығы жұмысын тоқтатқан
- 22 шілде, 2024
Алтын құрсақты аналар құрмет құшағында
- 22 шілде, 2024
Ақпарат
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Таразда тіркелген қылмыс саны 29 пайызға төмендеген
- 18 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді