Білім беру ісі қалай қорытындыланды?

Білім беру ісі қалай қорытындыланды?
ашық дереккөз
Білім беру ісі қалай қорытындыланды?
Биыл білім саласы толайым табысқа кенелді. Саладағы нәтижені санамалап көрейік. 2022 жылы 1765 орындық 14 жекеменшік ұйымдар ашылды. Оқушылар оқулықпен және оқу-әдістемелік кешендерімен 100 пайыз қамтылды. Цифрландыру әлемдік ауқымдағы трендке айналды. Дамыған елдің барлығы цифрлық саясатты қолға алып, даму қарқынын арттыруға күш салып жатыр. Осы тұста, облыста 54 IT сыныбы ашылды. Балалардың қауіпсіздігі де басты назарда. Білім мекемелерінде 100 пайыз бейнебақылау камералары орнатылды. Мектептен тыс мекемелердің саны соңғы 3 жылда 4 бірлікке артты. Тараз қаласында «Балалар шығармашылық орталығы», «Оқушылар сарайы» және Шу ауданында «Оқушылар сарайы» пайдалануға берілді. Жаңа оқу жылы басталғалы да облыс оқушыларының жетістіктері аз емес. Атап айтсақ, Қазақстан Білім олимпиадасында оқушыларымыз 24 жүлделі орынды, геометриядан IX Халықаралық Иран олимпиадасында 5 жүлделі орынды, «Roboland-2022» халықаралық робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестивалінде оқушыларымыз 4 жүлделі орынды иеленді. Республикалық ғылыми жобалар жарысында облыс командасы 13-ші жыл қатарынан «Ең үздік команда» атағын иеленді. Биыл облыстың 3 педагогы «Үздік педагог-2022» республикалық конкурсының жеңімпазы атанып, 1000 АЕК сыйақыларын иеленді.  

Дайындаған Гүлжан РАХМАН.

Ұқсас жаңалықтар