Облыстық сайлау комиссиясының хабары

Облыстық сайлау комиссиясының хабары
ашық дереккөз
Облыстық сайлау комиссиясының хабары
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 73-бабына сәйкес облыстық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына келесідей кандидаттарды тіркегендігі жөнінде хабарлайды: Султан Мыктыбекович Усербаев, 1986 жылы туған, «Байзақ ауданы білім бөлімінің Дихан тірек мектебі (ресурстық орталығы)» КММ директоры. Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылының тұрғыны. Аслан Уланович Оразбеков, 1975 жылы туған, ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті облыс бойынша департаментінің басшысы. Тараз қаласының тұрғыны. Гулам Мухтарович Умаров, 1975 жылы туған, «Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Жамбыл облыстық қан орталығы» ШЖҚ МКК директоры. Тараз қаласының тұрғыны. Жарилкасын Абдикапарович Айтаков, 1962 жылы туған, облыс әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының басшысы. Тараз қаласының тұрғыны. Сакен Каланович Арубаев, 1976 жылы туған, Шу ауданының әкімі. Шу ауданы, Төле би ауылының тұрғыны.  

«Aq jol»-Aqparat».

Ұқсас жаңалықтар