Жетекші мектеп – инновациялық өзгерістердің тиімділігін арттыру кепілі

Жетекші мектеп – инновациялық өзгерістердің тиімділігін арттыру кепілі
ашық дереккөз
Жетекші мектеп – инновациялық өзгерістердің тиімділігін арттыру кепілі
Педагогикалық шеберлік орталығында 2016 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан «Жетекші мектеп» форумының эстафетасын 2021 жылы Алматы облысы Жамбыл облысына тапсырған болатын. Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасымен бірлескен «Функционалдық сауаттылық – инновациялық үдерістердің мақсаты мен нәтижесі» тақырыбындағы кезекті форум ағымдағы жылдың 2 желтоқсанында өтті. Форумға облыстық білім басқармасы, облыстық әдістемелік кабинет, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің қызметкерлері, жетекші мектеп басшылары мен үйлестірушілері, пән мұғалімдері, жалпы барлығы 250 педагог қатысты. Форум жұмысы аясында «Жамбыл облысының жетекші мектептерінің кәсіби қоғамдастығының табысты тәжірибесі» тақырыбындағы көрме ұйымдастырылды. Панелдік дискуссияда Меркі ауданы білім бөлімі әдістемелік кабинетінің меңгерушісі С.Бопиева, Байзақ ауданы Ғ.Мұратбаев атындағы гимназия директорының орынбасары Е.Мусинов, Тараз қаласы №8 Төле би атындағы гимназия директорының орынбасары У.Қожагельдиева, Жамбыл ауданы Б.Бесбаев атындағы мектеп-гимназия директоры Г.Сыздыкова өз тәжірибелерімен бөлісті. ТЕDх форматында Тараз қаласындағы А.Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназияның директоры М.Гладченко және №30 Ш.Мұртаза атындағы мектеп-гимназия директорының орынбасары А.Жакипова, Қ.Тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназиясының директоры С.Толеу, Б.Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясының директоры Ф.Шортанбекова сөз сөйледі. Форумның екінші бөлімінде ПШО филиалының директоры Г.Тортаева жетекші мектеп директорларымен «Өзгерісті басқару: механизмі, құралдары, ресурстары» тақырыбында нетворкинг және филиал тренерлері Ш.Альтаева, А.Тоқтағанова, А.Джурунова, А.Нарегеева, Р.Кемелбекова, М.Божымбаева бастауыш сынып, жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша жетекші мектеп мұғалімдерінің шеберлік сыныптарын ұйымдастырды. Жетекші мектептердің алдыңғы қатарлы педагогтері белсенді әдіс-тәсілдерді қолданып, оқыту мен оқу тәжірибелерін жетілдірудің тиімді жолдарын ұсынды. Сондай-ақ ПШО филиалының тренерлері Ш.Альтаева, А.Джурунова «Біз бір командамыз» тренингін өткізді. Форум жұмысының соңында қатысушылардың пікірлері мен ұсыныстары тыңдалып, Жетекші мектептердің педагог кадрларының әдістемелік әлеуетін кеңейту бағытындағы іске асырылатын жұмыс бағыттары нақтыланды. Бұл форум мектеп көшбасшыларының педагогикалық қоғамдастықты дамыту мен өзара әрекеттестігі бойынша пікірлер мен тәжірибе алмасудың тоғысқан алаңына айналды.  

Шакизат АЛЬТАЕВА,

Педагогикалық шеберлік орталығы

Тараз қаласындағы филиалының аға менеджері.

Ұқсас жаңалықтар