Есірткі сақтаған тұрғын ұсталды

Есірткі сақтаған тұрғын ұсталды
ашық дереккөз
Есірткі сақтаған тұрғын ұсталды
Облыстық полиция департаментіне қарасты есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде 43 жастағы жергілікті тұрғынды құрықтады. Күдіктіні тінту барысында оның күртесінің ішкі қалтасынан салмағы 384,05 грамм «гашиш» есірткі заты бар оралған 5 полиэтилен табылды. Сондай-ақ тұрғылықты жері бойынша үйдің ауласында орналасқан темір шкафта салмағы 616,47 грамм «гашиш» есірткі заты бар 8 бума табылды. Ұсталған адам кінәсін толық мойындады, Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Егер оның осы қылмысты жасағаны дәлелденсе, сот үкімімен 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін. – Тәркіленген «гашиш» есірткі құралының жалпы салмағы – 1 келі 52 грамм. Осы дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 296-бабының 4-бөлігі бойынша (Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды, – деді есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Әлім Бажықбаев.  

Ұқсас жаңалықтар