
Сала қызметкерлері марапатталды
Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында облыстың төтенше жағдайлар департаментінің және өрт сөндіру қызметінің ерекше көзге түскен қызметкерлерін марапаттауға арналған жеке құрамның салтанатты жиналысы өтті. Жиында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 12 желтоқсандағы бұйрығымен Кадр саясаты басқармасының бастығы А.Жұматаевқа мерзімінен бұрын «азаматтық қорғау подполковнигі» атағы беріліп, Тараз қаласы төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы, азаматтық қорғау подполковнигі Қ.Оразбаевқа «Төтенше жағдайлардың алдын алуда үздік шыққаны үшін» медалі тапсырылды. Жуалы ауданындағы №7 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі, азаматтық қорғау старшинасы Е.Өмірәливке «Азаматтық қорғау органдарының жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісі берілді.
Облыстық мәслихат хатшысының 2022 жылғы 6 желтоқсандағы өкімімен мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы, азаматтық қорғау полковнигі М.Әкімбаев пен Т.Рысқұлов ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Н.Қадырханов Жамбыл облысының Құрмет грамотасымен марапатталды. Сонымен қатар бірқатар қызметкерлер Төтенше жағдайлар министрінің грамотасы мен Алғыс хатына ие болды.
Н.ӘСІЛХАН,
ТЖД кадр саясаты басқармасының бас маманы,
азаматтық қорғау майоры.
Ұқсас жаңалықтар
Көңілі көркем досым еді
- Бүгін, 07:37
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді