Экология мәселесінде қоғамдық тыңдаудың маңызы зор

Экология мәселесінде қоғамдық тыңдаудың маңызы зор
ашық дереккөз
Экология мәселесінде қоғамдық тыңдаудың маңызы зор
Облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын жобалар бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізу бойынша функциясын іске асыруда. Бұл функция Экологиялық кодекске (57, 57-1, 57-2 баптары) сәйкес, Мемлекет басшысы айқындап берген, яғни халықпен ұдайы санасу, халықтың экологиялық ақпаратқа жалпыға бірдей қол жеткізу принциптерін іске асыру болып табылады. Экологиялық кодекстің 73-бабы негізінде ықтимал әсер ету туралы есептің жобасына қатысты қоғамдық тыңдауларды өткізу жалпыға бірдей міндеттелгені айтылған. Сонымен қатар Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 3 тамыздағы № 286 бұйрығына сәйкес, бекітілген қоғамдық тыңдаулар өткізу қағидалары негізінде «Қоғамдық тыңдаулар» айдарында «Қоғамдық тыңдауларды өткізу қағидаларымен», өткізу орны мен уақыты көрсетілген, тыңдауларды өткізу жоспарланып отырған жобалармен танысуға болады. Әрбір адам қатысып, өз пікірін білдіре алады. Сондай-ақ осы айдарда өткізілген қоғамдық тыңдаулардың хаттамалары орналастырылады. Осы орайда басқармаға ағымдағы жылдың 8 қыркүйегіне дейін бірыңғай экологиялық порталға барлығы 154 қоғамдық тыңдауға өтінім түскен. Соның ішінде 6 өтінім орындалған жоқ, 12 өтінім қазіргі таңда қаралуда. Қалған 136 қоғамдық тыңдау заң шеңберінде ұйымдастырылып өткізілді. Жоғарыда аталған 6 өтінім бойынша орындалмаған тыңдауларға тоқталсақ: «Құрылыс Инвест Жоба» ЖШС-нің «Барысхан» және «Бурыл» алқаптарына жол құрылысы, «DAMELY CORP»ЖШС- нің Қордай ауданы, Қақпатас ауылында Құмшағал кен орны, «ТАРО» ЖШС- нің Жамбыл ауданы, Ерназар ауылы маңынан құрылысқа қажетті құм кен орны, «Корпорация КАЗАХМЫС» ЖШС-нің булану тоған құрылысын салу бойынша және «Әулие Ата Феникс» ЖШС- нің құс фабрикасының ет өндіру көлемін 12 мың тоннаға ұлғайту бойынша. Одан бөлек қоғамдық тыңдау өткізу кезінде қоршаған ортаны жақсарту мақсатында экологиялық сараптама бөлімінің мамандары біршама іс-шара жоспарына төмендегідей ұсыныстар мен өзгерістер енгізді. Айта кететін болсақ, «Қазфосфат» ЖШС «Минералдық тыңайтқыштар» зауытынан шыққан фосфогипс қалдық үйінділерін іс-шара жоспарын ұйымдастырып жылдық қалдық көлемін барынша азайту, санитарлық қорғау аймағына жасыл екпелердің санын арттыру, өндірістік жолдарға және ұсақтап сұрыптау қондырғыларына шаң шығармау мақсатында үнемі су себу жұмыстарын ұлғайту туралы тағы басқа ұсыныстар берілді. Одан бөлек, қоғамдық тыңдау барысында тұрғындардың экологиялық жағдайға қатысты айтылған ескертулерін, атап айтқанда, өңделген жер қойнауын тасымалдау кезінде ауыл ішіндегі пайдаланып отырған жолдың сапасын сақтау, ауылдың ішін шаңдатпау, ауылға келетін тау суларын ластамау және ауыл сыртынан айналма жолдар қарастыру, тағы басқа ұсыныстарын хаттамалап, қоршаған ортаны қорғау жобасына өзгертулер енгізіліп тұрады.  

Серік НҰРБАЕВ,

табиғат қорғау бағдарламаларын және табиғат пайдалануды реттеу, экологиялық сараптама бөлімінің бас маманы.

Ұқсас жаңалықтар