
Жазушы еңбектері – жастарға мұра
Көзі тірісінде жамбылдық жастардың әдеби шығармашылығын барынша қолдап, қамқорлық танытқан белгілі жазушы, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Несіпбек Дәутайұлының туылғанына биыл 75 жыл толып отыр. Артында қалған мол мұрасымен мәңгілік өмірі басталған қаранар қаламгердің шығармалары жастардың арасында үлкен сұранысқа ие. Осы ретте өңір жастары Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында бас қосып, жазушының шығармаларын талқылап, ойларымен бөлісті.
«Қазақ әдебиетінің арқары» атты жүздесуге жазушының шәкірттері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері, ақындар Табиғат Абаилдаев пен Нұржан Қадірәлі және М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің журналистика факультетінің, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің филология факультетінің студенттері қатысты.
Басқосуда жазушының қаламдас інілері Н.Дәутайұлының барлық шығармаларына қатысты ойларын ортаға салды. Нұржан Қадірәлі қайраткер қаламгерге арнаған жырын оқып, жастарды Н.Дәутайұлының шығармаларымен барынша толыққанды танысып шығуға шақырды.
Жиын соңында студенттер Н.Дәутайұлының шығармашылығына қатысты сұрақтарын қойып, оған тұшымды жауаптар алды.
Айсана НҰРБАП.
Ұқсас жаңалықтар
Өзі - Інжу, сөзі - маржан
- 21 қазан, 2025
Қораласбаев Тараз қаласында көрмесін өткізді
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді