
Бес газ баллонын шығарды
5 желтоқсан күні облыс орталығының Мәмбет батыр көшесіндегі «ЖК Тұрсынбаев» аумағында асхана мен 2 құрылыс дүкені (бір қабатты шатыр, металл профнастил төсем) және 8 металл контейнер (құрылыс материалдары, жалпы ауданы 290 шаршыметр) өртенді. Оқиға орнынан тараздық өрт сөндірушілер отыз литрлік бес газ баллонын шығарды. Өрт бір сағатқа жетпей оқшауланып, өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметінің күшімен (50 қызметкер және 13 бірлік техника) сөндірілді. Өрт салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталуда. Өкінішке қарай, азаматтардың немқұрайлылығы салдарынан өрт оқиғасы кезінде балалар қаза болып, мүліктер жойылатын жағдайлар орын алып жатады. Сондықтан азаматтар абай болып, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтаулары тиіс. Бұл сіздің туыстарыңыз бен жақындарыңыздың өмірін сақтап, мүлікті қорғайтынын ұмытпаған жөн.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Төрт түлікте табыс та, береке де бар
- Бүгін, 04:33
Биылғы күзде әскерге қанша адам шақырылады?
- 14 қыркүйек, 2025
Ақпарат
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді