46 жастағы азаматтан 4 килограмм кептірілген марихуана тәркіленді

46 жастағы азаматтан 4 килограмм кептірілген марихуана тәркіленді
ашық дереккөз
46 жастағы азаматтан 4 килограмм кептірілген марихуана тәркіленді
Өңірлік полиция департаментіне қарасты есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен жүргізілген жедел-алдын алу шарасы барысында Байзақ ауданының 46 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол құмға жақын маңдағы аумақта есірткі затын дайындап жатқан кезінде құрықталды. Күдіктіден 2 қапқа салынған жалпы салмағы 4 келіден асатын «кептірілген марихуана» есірткі заты тәркіленді. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 296-бабы 4-бөлігімен (аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын заңсыз сақтау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Егер оның кінәсі дәлелденсе, сот шешімімен 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.  

Есен ӨТЕУЛІ

Ұқсас жаңалықтар