Құрылыс қарқыны толастамайды
Ағымдағы жылы құрылыс басқармасы арқылы жобалық-сметалық құны 196,1 миллиард теңгені құрайтын 249 жоба іске асырылуда. Оның 130-ы осы жылы тапсырылуы тиіс, 119-ы келесі жылға өтпелі. Аталған жобалардың 146 нысаны «Нұрлы жер», 45-і «Ауыл – ел бесігі», 33-і «Өңірлерді дамыту», 3 нысан құрылысы Үкімет резервінен және 22-сі білім беру субвенциялары есебінен қаржыландырылды. Бүгінгі күнге дейін 77 нысанның құрылысы толық аяқталды. Білім саласы бойынша талдасақ, жалпы құны 28,2 миллиард теңгені құрайтын 28 білім нысанының құрылысы жүргізілуде. 15 нысанның құрылысы аяқталды. Олар – Шалғай Қарасу, Асқаров, Барысхан, Мектептен тыс даму орталығы, Көктал, Сеңкібай, Үлгілі, Айша бибі, Алатау, Дихан, Дихан ИКИ, Қалғұты, Арал, Гагарин, Алтынсарин білім мекемелері. 13 нысан 2023 жылға өтпелі.
Денсаулық сақтау саласында құны 63,3 миллиард теңгені құрайтын 27 денсаулық сақтау нысанының құрылысы жүргізіліп, жыл қорытындысымен оның 20-сы тапсырылады. 7 нысан келер жылға өтпелі. Бүгінде 14 дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталды.
Облыс бойынша спорт саласында құны 6,9 миллиард теңгені құрайтын 19 нысанның құрылысы жүріп, нәтижесінде 4 спорттық-сауықтыру кешені пайдалануға беріледі. 15 нысан құрылысы 2023 жылға өтпелі. Қазір 2 спорт кешендерінің құрылысы аяқталды.
Мәдениет саласында құны 3,5 миллиард теңгені құрайтын 12 нысанның құрылысы жүргізілуде. 4 нысанда құрылыс жұмыстары толығымен аяқталады. 8 нысан 2023 жылға өтпелі. 1 мәдениет үйінің құрылысы аяқталды.
Әлеуметтік салада жобалық құны 6,9 миллиард теңгені құрайтын 2 оңалту орталығы және 1 әкімшілік ғимаратын қайта жаңғырту құрылысы басталып, әкімшілік ғимаратын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды. Оңалту орталықтары 2023 жылы пайдалануға беріледі.
Ауыл шаруашылығы саласында жобалық құны 6,7 миллиард теңгені құрайтын 4 нысан құрылысы басталып, 4-еуі де 2023 жылы пайдалануға тапсырылады.
Сонымен қатар биыл сметалық құны 7,2 миллиард теңгені құрайтын 10 ішкі істер органдары және төтенше жағдайдың алдын алу нысандарының құрылысы басталып, 5 нысанның құрылысы аяқталып, тапсырылды. Тағы 1 нысан құрылысы ағымдағы жылы аяқталады. 4 нысанның құрылысы 2023 жылға өтпелі.
Облыс бойынша коммуналдық тұрғын үй қорынан пәтер алу кезегіне тіркелген азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында 2022 жылы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында сметалық құны 54,9 миллиард теңгені құрайтын 4 388 пәтерлі 68 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 680 пәтерлі 11 арендалық, 3648 пәтерлі 56 кредиттік және 60 пәтерлі 1 пилоттық жоба.
Ағымдағы жылдың қорытындысымен 2 740 пәтерлі (192,9 мың шаршыметр) 41 үй пайдалануға беріледі деп күтілуде. Яғни, 560 пәтерлі 9 арендалық, 2180 пәтерлі 32 ипотекалық үйлер. Бүгінгі күнге 1240 пәтерлі 18 үйдің құрылыс жұмыстары аяқталды. 920 пәтерлі 13 кредиттік және 320 пәтерлі 5 арендалық тұрғын үй.
2022 жылы 19 алқапта 33 инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жобасының құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына қарай 31 нысанның құрылыс монтаждау жұмыстары аяқталады, ал қалған 2 нысан 2023 жылға өтпелі. Нәтижесінде 3198 жер телімі кезекте тұрған азаматтарға беріледі. Сондай-ақ тұрғын үйлердің ішкі алаң желілері мен абаттандыруы бойынша 45 жоба құрылысы жүріп жатыр.
Ерлан ОРЫМБАЕВ,
облыс әкімдігі құрылыс басқармасының басшысы.
Ұқсас жаңалықтар
Болашақ сарбаздар бірқатар сараптамадан өтуге міндеттелді
- 29 қазан, 2024
Кітапханадағы келелі кездесу
- 29 қазан, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді