Саптағы сәйкестік тексерілді

Саптағы сәйкестік тексерілді
ашық дереккөз
Саптағы сәйкестік тексерілді
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінде саптық байқау өтіп, оның барысында азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің сыртқы келбеті, жетондардың болуы, қызметтік куәліктердің атағы мен лауазымына сәйкестігі тексерілді. Саптық байқау маусымдық киім үлгісіне көшу аясында ұйымдастырылды. Шара барысында киім нысанының белгіленген талаптарға сәйкестігіне ерекше назар аударылып, оны күнделікті қызметтік міндеттерін орындау кезінде киіп жүрулеріне көңіл бөлінді. Нысанды киім, бас киім, аяқ киім кию, шеврондар мен погондарды, эмблемаларды орналастыру ережесі, тұтастай алғанда жеке құрамның қысқы киім нысанымен қамтамасыз етілуі бақыланды. Саптық байқаулар өрт сөндіру қызметінің барлық бөлімшелерінде өтті.  

Өрт сөндіру және авариялық-құтқару

жұмыстары қызметінің қоғаммен байланыс тобы.

       

Ұқсас жаңалықтар