
Қос алтын қоржында
Атырау қаласында ұйымдастырылған қазақ күресінен ересектер, ерлер және әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды. Облыс құрамасы сапында 60 келі салмақта Ернұр Сүлеймен және түйе балуандар бәсекесінде бақ сынаған Ғалымжан Қырықбай жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілсе, Нұр Аманшүкіров (66 кг) және Данил Федоров (100 кг) күмісті қанағат тұтты. Ал Асылхан Дүйсенбек (55 кг), Бекжан Төлегенов (60 кг), Айбол Айтбек (100 кг), сонымен қатар аса ауыр салмақтағы Ғалымжан Қырықбай (+100 кг) ел чемпионатының қола жүлдегерлері атанды.
Жарыс қорытындысы бойынша облыстың ерлер құрамасы 2 алтын, 2 күміс, 4 қола жүлдемен жалпы командалық есепте топ жарды.
Сол секілді әулиеаталық бұрымды боз кілем шеберлері де 2 алтын, 2 күміс, 5 қола жүлде еншілеп, жалпы командалық есепте жеңіс тұғырынан көрінді. Ел чемпионатында (52кг) Аружан Адасхан, Рауза Нурмухамметова жеңімпаз атанса, Аяулым Балапанова (65 кг) және Елизат Аязбек (77 кг) күміс жүлде олжалады. Ал Аяна Саткыналиева (56 кг), Рамилия Салимьянова (60 кг), Фариза Нурсейтова (70 кг), Майрам Тоқтасынқызы (77 кг), Жансая Ынтықбай (+77 кг) сынды облыс намысын қорғаған қазақ күресі шеберлері қолаға қол жеткізді.
Нұржан ҚАДІРӘЛІ
Ұқсас жаңалықтар
Бокстан әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері елге оралды
- 16 қыркүйек, 2025
Қазақстанда Орталық Азияда теңдесі жоқ ауқымды спорт нысаны іске қосылды
- 16 қыркүйек, 2025
Ақпарат
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді