Спорт және туризм
ҚАЖ департаментінің бастығы ардагер спортшыға құрмет көрсетті
- author «Ақ жол»
- 10 қазан, 2022
- 605

ҚАЖ департаментінің бастығы ардагер спортшыға құрмет көрсетті
Өңірлік ҚАЖ департаментінің бастығы әділет полковнигі Нияз Рыспаев жамбылдық ардагер волейболшы Қанат Жұмашевтің 65 жылдық мерейтойына орай құрмет көрсетті. Нияз Қанатұлы өз сөзінде саңлақ спортшының Тараз топырағында волейболдың дамуына қосқан үлесі зор екеніне тоқталып, оның өнегелі өмірі жастарға үлгі екенін атап өтті.
- Қанат Көштайұлы жергілікті жерлерде волейболдың дамуына мол үлесін қосты. Ол көптеген жылдар бойы команданың негізгі құрамында сәтті өнер көрсетіп, спорттық карьерасында КСРО спорт шебері атағына үміткер дәрежесіне қол жеткізді. Бүгінде ардагер волейболшылар қозғалысының жетекшісі. Қанат Жұмашевтің өнегелі өмірі жас спортшыларға қашанда үлгі. Жалынды жастар Сіз жүріп даңғыл жолда өз қолтаңбаларын қалдырып, дүбірлі додаларда топ жарады деген сенім мол, - деді Нияз Рыспаев.
Айта кетейік, бүгінгі таңда "Динамо" спорт кешенінде облыстық "Ардагер Тараз" клубының 15 жылдығына және волейболдан ардагерлер лигасының жетекшісі Қанат Жұмашевтің 65 жылдық мерейтойына арналған 60 жастан асқан спортшылар арасында волейболдан турнир басталды. Жарысқа Алматы, Шымкент, Тараз қалаларынан сондай-ақ Қырғыз елі мен Өзбекстаннан 80 адам қатысуда.
Ұқсас жаңалықтар
«DASTAN CUP» облыстық турнирі мәресіне жетті
- 9 қыркүйек, 2025
Әйгерім Сәттібаева алтыннан алқа тақты
- 4 қыркүйек, 2025
Ақпарат
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді