
Тоқаевты қолдайтын халықтық коалицияға кімдер кіреді?
Amanat партиясының төрағасы, Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов алдағы президенттік сайлауда Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдайтын халықтық коалицияға кімдер кіргенін айтты.
Астанадағы коалиция форумында Мәжіліс спикері жақын арада бүкіл ел бойынша белсенділер мен қоғамшылдарды біріктіретін республикалық штаб құрылатынын хабарлады. Оның айтуынша, сайлау науқаны барысында бірден бірнеше республикалық қоғамдық бірлестіктер Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты президенттіке ұсыну туралы шешім қабылдады. Халықтық коалиция құрамына кіргендер: Ұлттық еріктілер желісі, Қазақстанның азаматтық альянсы, "Қазақстан тен" жастар бірлестігі, Ардагерлер ұйымы, Қазақстандық спортшылар одағы, Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі, Генералдар кеңесі және "Қазақстан ардагерлері" қауымдастығы, сондай-ақ үш парламенттік фракция - Amanat, Қазақстан Халық партиясы және "Ақ жол".
Ұқсас жаңалықтар
Астанада екінші «Орталық Азия – Қытай» саммиті өтті
- 17 маусым, 2025
Қазақстан - Қытай: екіжақты сауда көлемі 30 млрд долларға жетті
- 16 маусым, 2025
Ақпарат
Сотқа деген сенім – бәрінен маңызды
- 1 шілде, 2025
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді