Түзеу мекемесінде шахматтан жарыс өтті
"FIDE" халықаралық шахмат федерациясының ұйымдастыруымен алдағы қазан айының 13-14 күндері жабық мекемелерде жазасын өтейтін сотталған азаматтар арасында шахматтан жарыс өтеді. Осыған орай, бүгін өңірлік ҚАЖ департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесіндегі жазасын өтеушілер тақта тартысында өзара кім мықтыны анықтады.
Олар жарысқа ерекше ықыласпен келіп, "жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар" атану үшін барын салды. Тартысты өткен сайыс барысында шахмат ойынын шебер меңгергендерде кездесті.
Ал ойынның нәтижесінде Андрей есімді сотталған азамат жеңімпаз атанды. Енді ол келесі айда өтетін шахмат жарысына онлайн қатысатын болады.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




