Ел аузында – аяқдопшы Абылайхан
«Тараз» футбол клубының ойыны биыл әжептәуір түзелді. Олар ҚР кубогы жолындағы ойындарын да өте сәтті өткізуде. Естеріңізде болса, Қостанайдың «Тобылын» өз алаңында 6:0 есебімен ұтқаны есімізде. Сонда кейбіреулер: «Тобыл» еуролигада ойнап жүр, екінші құрамасын жіберді» деп, жерлестеріміздің шеберлігіне сенімсіздік те танытып еді. Жуырда жерлестеріміз сырт алаңда «Тобылмен» қарымта ойын өткізіп, тағы да мықтылықтарын дәлелдеді. Алғашқы 20 минуттың ішінде «Тобыл» үздік ойын өрнегін көрсетіп, екі гол салып, алға шықты. Бірақ тараздықтар да мінез танытты. Бірінші тайм соңына дейін Абылайхан Жұмабек пен Марат Шаяхметов бір-бір голдан соғып, есепті теңестіріп тастады. Үзілістен соң, «Тараздың» ойыны түрленіп сала берді. Абылайхан Жұмабек тағы үш гол соғып, покер жасады. Осылайша, «Тараз» «Тобылды» 5:3 есебімен ұтып, ширек финалға жолдама алды.
Есет ДОСАЛЫ.
Ұқсас жаңалықтар
Дүние емес, дос жинаған бауырым-ай!
- 25 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




