Шөп жәрмеңкесі ұйымдастырылды
ТАЛАС АУДАНЫ Ауданда жақында мал азығы жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Оған бірқатар елді мекеннің шаруа қожалықтары қатысты. Жәрмеңке алаңына 1800 түк пішен шөп, 500 түк жоңышқа шығарылды. Ақкөл, Қызыләуіт, Қаратау және Сәду Шәкіров ауылдық округтерінен келген шаруа қожалықтарының шөптері лезде өтіп үлгерді. Бүгінде аудан тұрғындары мал бағуды кәсіп ететіні белгілі. Сондықтан шөп жинай бастағаннан жұртшылық оны қорасына түсіруге асығады. Осы ретте ұйымдастырылған мал азығы жәрмеңкесінің тигізер пайдасы зор. Жәрмеңкенің басы-қасында жүрген аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Ауданбек Ерубайдың айтуынша, шөп бағасы үнемі бақылауда болмақ.
Жүрсінгүл ЖАҚЫП
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді