«AMANAT» ауыл әкімдерін оқытуды бастады

«AMANAT» ауыл әкімдерін оқытуды бастады
ашық дереккөз
«AMANAT» ауыл әкімдерін оқытуды бастады
«AMANAT» партиясы Саяси менеджмент академиясы Жамбыл облысы бойынша ауыл және ауылдық округ әкімдерін оқыту бағдарламасын бастады. 11-20 шілде аралығында өңірдегі 160-тан астам ауыл әкімі халықтың экономикалық белсенділігін арттыру саласындағы біліктілігін жетілдіру курстарынан өтетін болады. Үш күнге жалғасатын семинарлар «Табыстарды көбейту мақсатында халықтың экономикалық белсенділігінің өсуі саласында басшының құзыреттілігін арттыру» тақырыбында өткізілуде. Оқыту барысында қатысушылар ауыл скринингі мен маркетингтік талдау жүргізуді, ауыл экономикасын дамыту үшін перспективалы бағыттарды анықтауды үйренеді. Сондай-ақ ауыл әкімдері ауылда әлеуетті табысты бизнес-жобаларды іске асырудың практикалық дағдыларын меңгереді. Оқыту ауыл әкімдеріне ауылдардағы үй шаруашылықтарының табыстарын нақты арттыруға қол жеткізуді, «Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде жұмыс орындарын құруды үйренеді. Сонымен қатар ауыл шаруашылығында, туризмде жұмыспен қамтуды арттыру және халықтың табысын молайту факторы ретінде кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру бойынша өзара тәжірибе алмасады. Партия облыстық филиалының атқарушы хатшысы Дауыл Бейсенқұловтың айтуынша, курс бағдарламасы халық пен кәсіпкерлердің нақты қажеттіліктерін ескеріп, халықтың табыс деңгейін арттыру жөніндегі тұжырымдаманы іске асыруды тікелей орындаушылар және «AMANAT» партиясының аумақтық филиалдарының төрағалары ретінде ауылдық аумақтардың әкімдеріне ұсынылатын болады. – Бұл оқу курсы ауыл экономикасын дамытуға сеп болары сөзсіз. Өйткені ауыл әкімдеріне ауылдардағы үй шаруашылықтарының табыстарын нақты арттыруға қол жеткізуге, «2025 жылға дейінгі халықтың табысын арттыру» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде жұмыс орындарын құруға көмектеседі. Қатысушылар оқу курсының соңғы күні арнайы тест сынақтарын тапсырып, сертификаттарға ие болады, – дейді партия облыстық филиалының атқарушы хатшысы Дауыл Ынтықбайұлы. Семинарға қатысушылар алған білімдерінің жемісті болатынына сенеді. Кәсіпкерлікті дамыту дағдыларын меңгеріп, ауылда келешегі бар жобалар болатынына үміт артады. – Ауылдық жердегі шағын бизнестің қандай түрлерін жақсы дамытуға болады, сол бизнес-жоспарды ауыл әкімінің көмегімен кез келген тұрғын қалай құра алады? Осы бағытта білімімізді жетілдіріп жатырмыз. Ауылдың әкімі жұмыспен қамту орталығына немесе «Атамекен» кәсіпкерлік палатасына бармай-ақ осы арада жақсылап оқып үйреніп алса, жұмыс жасауға ынтасы бар халық нәтиже шығарады деп ойлаймын, – дейді Т.Рысқұлов ауданы, Көкденен ауылдық округінің әкімі Төлеген Атабаев. Жыл соңына дейін «AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясы еліміздің барлық облыстарындағы ауыл әкімдері мен партияның аумақтық филиалдарының атқарушы хатшыларын оқытуды жоспарлап отыр.

Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ,

«Amanat» партиясы

 облыстық филиалының баспасөз хатшысы.

   

Ұқсас жаңалықтар