Осыдан үш ай бұрын басталған саябақтағы құрылыс жұмыстары аяқталып келеді. Құрылысын мойнына алған мердігер демалыс орнының сыртқы қоршауын биік темір қоршаумен қоршап, қураған ағаштарын кесіп, жаяу жүргіншілер жолын төсеп үлгерген. Ауыл тұрғындары көптеп жиналатын саябақ маңынан және ішінен сауда нүктелерін ашуға ниет білдірген азаматтар қатары да артқан.
Қазірдің өзінде саябақтың дәл ортасынан жеке кәсіпкер «Inzhu Terrassa» атты дәмхана мен балаларға арналған ойын алаңшасын ашып, маусым айынан жұмысын бастаған. Қордай ауылдық округі әкімі аппаратының мәліметіне сәйкес, жөндеу жұмыстары жыл соңына дейін толықтай аяқталады деп күтілуде.
Ләйлім ДОСЫМБЕКОВА, журналист. Қордай ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




