Украина ішкі істер министрі Арсен Аваков кей сарбаздары тонаушылықпен айналысқан “Шахтерск” арнайы батальонын таратуды бұйырды. Бұл жайында ол “1+1″ телеарнасына берген сұхбатында айтқан. Ол “Батальондағы 700 еріктінің барлығы емес, ішіндегі 50 шақты сарбазы тонаушылықпен айналысқан. Сол 50 адам батальонның абыройына нұқсан келтірді” деген.
“Ақпараттық қарсылық” тобының жетекшісі Дмитрий Тымчук Facebook-тегі парақшасында кеше Украинаның шығысында сепаратистер Украина армиясы позицияларын 50 мәрте атқылағанын хабарлады. Сепаратистер әскер шебін минометтен, дүркіндете оқ ататын реактивті кешеннен, танктер мен артиллерия қаруларынан атқылаған. 16 қазан күні Украина президенті Петр Порошенко “Донецк мен Луганск облыстарының жекелеген аудандарында жергілікті өзін-өзі басқарудың ерекше тәртібі туралы” заңға қол қойған еді. Заң жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру тәртіптерін, Донецк және Луганск облыстарының жекелеген аудандарының жергілікті билік органдары қызметін анықтайды. Донецк мен Луганск облыстарының жекелеген аудандарында аудандық, қалалық және ауылдық кеңес депутаттарын сайлау 2014 жылдың 7 желтоқсанына белгіленген.
Ұқсас жаңалықтар
Ескі үйлердің ертеңгі жай-күйі алаңдатады
- 7 сәуір, 2026
Жаңа Конституцияны халыққа түсіндіру жұмыстары басталады
- 6 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




