Махаббат маусымы

Махаббат маусымы
ашық дереккөз
Махаббат маусымы
Бұл маусым – махаббат маусымы! Даусымды естісін тау шыңы Үзбесін үнімді  жел – уақыт, Найзағай, жаңбырдың тарсылы. Бұл маусым – махаббат маусымы! Жайнасын дүниенің бар гүлі, Аспанның үдесін жарқылы. Жүрегімді сеземін соғатын, Тек сізді сүюім арқылы. Бұл ғасыр – сезімнің ғасыры Дәуірдің жомарт та хас ұлы! Сіз мені бақытты етуге Дүниеге келгенсіз асылы. Жер-жаһан құлпырған лебімнен, Нұр жауған, гүл жауған көгімнен. Бақыттың балқимын бағында, Бұл өмір біздерге берілген!!!

Жұлдыз Бейсекова.

Ұқсас жаңалықтар