Қырғызстанда Жерді ғарыштан бақылау мәселелері бойынша симпозиум өтуде
- author «Ақ жол»
- 12 қыркүйек, 2014
- 460

ШОЛПАН-АТА. ҚазАқпарат - Жерді ғарыштан бақылау мәселелері бойынша «Феникс» ІІ халықаралық симпозиумына қатысу үшін әлемнің 15 елінің өкілдері Ыстықкөл көлінің жағалауына жиналды.
Симпозиумның басты мақсаты - Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігі бар елдердің мүмкіндіктерін біріктіру.
Айта кетейік, мұндай алғашқы симпозиум 2012 жылы Қашғар қаласында Қытайдың Жерді қашықтықтан зондтау және сандық Жер институтының бастамасымен және ұйымдастыруымен өткен. Келесі кездесуді Қырғызстанда өткізу шешімі сол кезде қабылданған еді.
«Бұл кездесу ғарыш технологиялары саласындағы тәжірибелермен, біліммен алмасу мүмкіндігін беріп, Жерді қашықтықтан зондтаудың қазіргі кездегі маңызы мен рөлін тағы бір сатыға көтереді», - деп санайды Қытайдың Жерді қашықтықтан зондтау және сандық Жер институтының бас директоры, профессор Хуадонг Гуо.
ISEO-2014 жұмысына «Қазғарыштың» екі кәсіпорнының өкілдері - «Қазақстан Ғарыш Cапары» ҰК» АҚ және «Ғарыштық зерттеулер мен технологияларының ұлттық орталығы» АҚ қатысты. Олар қатысушылар алдында Жер мониторингі бойынша ғылыми баяндамаларын оқыды.
Қазақстанның Жерді қашықтықтан зондтау ғарыштық жүйесінің таныстырылымы симпозиумға қатысушылардың зор қызығушылығын тудырды. Осы тұрғыдан «Қазақстан Ғарыш Cапары» ҰК» АҚ вице-президенті Бағлан Қазиев барлық тараптарды «Қазғарышпен» екіжақты тиімді ынтымақтастыққа шақырды.
«Қазақстан ғарыш саласын қарқынды түрде дамытып жатыр. Бұл Орталық Азия елдеріне үлгі болуы тиіс», - деп атап өтті ISEO-2014 төрағасы Қ.Жұмалиев.
Бұл симпозиум аяқталған соң қырғыз елі «Феникс» бағдарламасының эстафетасын Жерді ғарыштан бақылау бойынша ғылыми-ғарыштық форумды өткізетін келесі елге тапсырады.
Ақпарат көзі kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін кезекті Үкімет отырысы өтеді
- 15 қыркүйек, 2025
Жасанды интеллектіні енгізу нақты нәтижеге бағытталуы тиіс – Бектенов
- 10 қыркүйек, 2025
Ақпарат
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді