Жаңалықтар
Шекарада тәркіленген дәрі-дәрмек Жамбыл облысының денсаулық сақтау басқармасына берілді
- author «Ақ жол»
- 21 шілде, 2020
- 596
Шекарада тәркіленген дәрі-дәрмек Жамбыл облысының денсаулық сақтау басқармасына берілді
19 млн теңгенің дәрілік препараттары Жамбыл облысының денсаулық сақтау басқармасына тапсырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қаржы мониторингі комитетіне сілтеме жасап.
Жамбыл облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті облыстың шекара қызметкерлерімен бірлесіп, Қордай ауданының «Қарасу» шекара бекетінде құжатсыз дәрі-дәрмек тасымалдаған жүк көлігін ұстады.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 214-бабы 1-бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.
Көліктің жүксалғышынан құны 19 млн теңгеден асатын препараттардың 20-ға жуық түрі табылып, тәркіленді.
Қазіргі таңда барлық тауар тәркіленіп, алынған дәрілік заттар Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасына тапсырылды.
Ұқсас жаңалықтар
Жас мамандарға жағдай жасалуда
- 19 наурыз, 2026
Журналист Эльмира Мырза-Ғали "Құрмет" орденінің иегері атанды
- 19 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




