Бірінші маусымнан бастап өңірдегі блок-бекеттердің барлығы алынды. Облыстық полиция департаментінің басшысы Жанат Сүлейменов Жуалы ауданында осындай бекеттің алыну рәсіміне қатысты. Ол тәулік бойы аянбай еңбек еткен полиция және медицина қызметкерлеріне, әскери қызметшілер мен еріктілерге тұрғындардың денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтаудағы қажырлы қызметі үшін алғысын білдіріп, салтанатты түрде алғыс хаттар табыс етті. Жуалы аудандық орталық ауруханасының аға мейірбикесі Алма Жұмамұрат пен волонтер Шолпан Жалғасбай блок-бекетте қызмет еткен қиын уақыттарда көрсеткен жан-жақты қолдау мен қамқорлығы үшін әріптестеріне алғыс айтып, жылы лебізін білдірді. – Карантин жағдайындағы жұмысымызға түсіністікпен қарай білген тұрғындарға ризамыз және де бізге қолайлы жағдай жасап, еңбегімізді бағалағаны үшін ІІМ министрі Ерлан Тұрғымбаевқа алғысымызды айтамыз, – дейді Жуалы АПБ ЖПҚб аға учаскелік полиция инспекторы Ержан Саурықов. Деректерге сүйенсек, 31 наурыздан 30 мамырға дейінгі аралықта облыстағы блок-бекеттер арқылы 800 мыңнан астам азамат және 700 мың көлік өткен. Карантин кезінде облыстық және аудандық блок-бекеттерде барлығы 216 полицей, 115 медицина қызметкері, 112 әскери қызметші және 37 әкімшілік қызметкер жұмыс істеді. Блок-бекеттегі жұмыс уақытының соңғы сағаттарында көп уақыттан бері жақындарын көрмей енді отбасыларына оралғалы тұрған полиция қызметкерлерінің қуанышты екендіктері жүздерінен аңғарылып тұрды.
«Aq jol-Aqparat».
Ұқсас жаңалықтар
Республика күні – қайта жаңғырған ұлттық мереке
- 29 қазан, 2024
Егеменді елдің еңселі күні
- 29 қазан, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді