«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Қолы ашықтың – жолы ашық

Қолы ашықтың – жолы ашық
ашық дереккөз
Қолы ашықтың – жолы ашық
«Бес саусақ бірдей емес». Бірі бақуатты, бірінің тұрмысы төмен. Е, заман-ай десеңші... Мен биыл 73 жасқа толып отырмын. Осыған дейін не көрмедім, бастан не кешпедім. Таяқтың екі ұшы болатыны тәрізді өмір де ақ пен қарадан тұрады. Мәселен, Талдыбұлақ ауылында 200 отбасыдай тұрады. Осында туып-өскен Сабыралы Айдосов аталған елді мекенге Шәкір ата мешітін салып берді. Имандылық үйінің ашылу салтанатына Еркінбек Солтыбаев, Оңдасын Есіркепов секілді облысқа танымал азаматтар келіп, жиылған қауымға ақжарма тілегін жеткізді. Туған-туыстары, жекжат-жұрағаттары өз қаражатына мешіт салып берген Сабыралы Шәкірұлына риза болған ауыл тұрғындары тұлпар мінгізіп, шапан жапты. «Бай болсаң, халқыңа пайдаң тисін» деген осы шығар. Бақуатты азаматтар елге көмектеспесе не болады деген ой келеді. Оған да бір мысал айтып өтейін. Тағы да алысқа бармай, ауданымыздан мысал келтірсем. Мыңғырған малы, жер-жерде дүкені бола тұра өзге тұрмақ, өзінің бауырына көмек қолын соза білмейтіндер бар. Сондай бір оқиғада біреу өзінің бір туғанына ақша сұрай барады. Әлгі тиын бере алмайтынын айтып шығарып салады. Бірақ кейін оның үйіне ұрылар кіріп, қомақты қаражатын және қымбат заттарын алып кетіпті. Бұрынғылардың «жоқ» деп айтуға болмайды дегені осы шығар, бәлкім. Қазақта «Қолы ашықтың – жолы ашық» дейтін нақыл бар. Ол айналаңдағыларға жан жылуыңды төксең, барыңмен бөліссең, оның саған еселеп қайтатынын аңғартса керек. Сондықтан бір-бірімізге мейірбан, бауырмашыл болайық! Әшен ҚЫРҒАБАҚҰЛЫ, зейнеткер. Меркі ауданы.

Ұқсас жаңалықтар