Ругайя Вердиева, облыстық ҚХА «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының мүшесі, облыстық «Хазар» әзірбайжан этномәдени бірлестігінің мүшесі.
Алғыс айту күні, менің ойымша, бұл мемлекетіміздің әлеуметтік мәні бар ең үлкен мерекесі және мен осы мерекенің Қазақстан қабылдаған барлық халықтар үшін маңыздылығын лайықты бағалай аламын. Қазақ жерінде 80 жылдан аса уақыттан бері көптеген халықтар тұрады. 1937 жылы бір мезетте Қиыр Шығыста тұрған халықтарды мүлдем басқа климаттық және тұрмыстық жағдайдағы елді мекендерге депортациялады. Сол қайғылы оқиғаның куәгерлері бүгінде аз қалды. Мен атамның «өзінің қолындағы соңғы барын мұқтаж болған өзгемен бөліскен халық, ол – Ұлы халық. Ол депортацияланған халықтардың құрметі мен алғысына мәңгі лайық!» деп айтқан сөзін ешқашан жадымнан шығарған емеспін. Мен мұны әрдайым есімде сақтадым және Қазақстанға өз пайдамды тигізу үшін қолымнан келетін әрекеттердің барлығын жасап келемін. Біздің барлығымыз, жер аударылған халықтардың балалары осында нағыз Отанды таптық. Қазақ халқы қиын-қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білді, бұл бүгінгі таңда еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды. Қазақ елі бізге барлық мүмкіндіктерді іске асыруға жағдай жасады. Мұның бәрі қазақ халқының қанына генетикалық тұрғыдан біткен мейірімділік, толеранттылық, шыдамдылық, жанашырлық, сыйластық сияқты асыл қасиеттердің басымдығынан деп білемін. Бізге алдымен аман қалып, содан кейін қонақжай және мейірімді Қазақстанда бірлік пен келісімде тыныш өмір сүруге мүмкіндік берді. Мұнда біз еркін өмір сүреміз. Ешкім бізге «бөтенсің» деп қысым жасаған кез болған емес. Оның айқын дәлелі, менің достарымның жартысынан көбі қазақтардың болғаны. Олармен ортақ тіл табысу өте оңай. Соның арқасында мен Қазақстанның азаматшасымын деп мақтанышпен айтамын! Біз әрқашан тұрақты және жеткілікті жағдайда өмір сүретінімізге сенімдімін және Алғыс айту күні – бұл біздің тілектеріміздің орындалу факторларының бірі. Бұл мереке – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына тағзымының белгісі. Бұл – өзара құрмет, шыдамдылық, Қазақстан халқының бірлігін нығайту үшін барлық мүмкіндіктерді жасауға деген үлкен ықылас. Бұл – мемлекетіміздің тұрақтылығы мен экономикалық дамуының кепілі. Әрбір этнос қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына құрметпен қарап, бірақ өзінің өмір сүру салты, мәдениеті мен тілін сақтап қалды. Ең маңыздысы, қазақтар бізге баспана мен ас беріп қана қоймай, сонымен қатар этнос ретінде ұлттық болмысымызды сақтап өмір сүруге мүмкіндік берді. Қазақстан – бірегей ел. Оның дәлелі Елбасының бастамасымен құрылған әлемде теңдесі жоқ ұйым, Қазақстан халқы Ассамблеясы. ҚХА бүгінде 130-дан астам этнос өкілдерін бір шаңырақ астына біріктірді. Облысымызда даму мен өркендеу үшін жағдай жасалған. Бүгінде этномәдени бірлестіктер «Достық» үйінің шаңырағы астында жемісті еңбек етуде. Біз әртүрліміз, бірақ барлығымызды біріктіретін – достық. Сондықтан да Алғыс айту күні қарсаңында қазақ халқына, Елбасына, барлық этностарға біздің келісіміміз бен бірлігіміз үшін «Рақмет!» деп айтқым келеді. Біз әрі қарай да достығымызды нығайтып, Отанымызды мақтан тұтып, Қазақстанның игілігі үшін аянбай еңбек етеміз!
Ұқсас жаңалықтар
«Сапалы білім – саналы ұрпақ кепілі» атты кездесу өтті
- 24 қазан, 2024
Бар ғұмырын білімге арнаған
- 7 қазан, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді