«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

«Уранг Медан» кемесіндегі кесапат

«Уранг Медан»  кемесіндегі кесапат
ашық дереккөз
«Уранг Медан» кемесіндегі кесапат

«Уранг Медан» кемесінің құпия тарихы 1942 жылдан басталады. Американдық екі кеме Малаккскі бұғазына келгенде Малайзия жағалауынан алыс емес жерге жайғасқан кемеден қайғылы дабыл естиді. Шақырушы өзін голландиялық «Уранг Медан» кемесі экипажының мүшесі екендігін айтады және осы кеменің капитаны мен экипаж мүшелерінің өліп жатқандығын жеткізеді. Сол хабардан кейін түсініксіз жағдай орын алады. Қарсы жақтағылар матростың «Мен өліп барамын!» деген сөзін естиді. Осы дабылды естіген кемедегілер көмек көрсетуге асығады. Олар кеме күйреген жерге келгенде «Уранг Меданның» қатты бүлінгенін көреді. Барлық экипаж мүшелері ажал құшқан, олардың денелері, бетжүздері жан түршігерліктей мелшиіп, қатып қалған. Бірер минут өткен соң кеме түсініксіз жағдайда жанып кетеді, құтқарушылар кетуге мәжбүр болады. Осы оқиғадан кейін «Урнаг Медан» кемесі төңірегінде зерттеулер жүргізіледі. Олар кеменің күйреуі турасында түрлі болжамдар айтуда. Соның бір нұсқасы кеме НЛО шабуылының құрбаны болуы мүмкін деседі.

Ұқсас жаңалықтар