
Грузия Михаил Саакашвилиге іздеу жариялады
Грузия елдің бұрынғы президенті Михаил Саакашвилиге мемлекетішілік іздеу жариялады.
Экс-президенттің қатысы бар деген күдікпен елде бірнеше қылмыстық істің тергеуі жүріп жатыр. Оған елдің қаржысын бей-берекет шашты, қызметтік лауазымын асыра пайдаланды деген айыптар тағылып отыр. Тбилиси қалалық соты 2 тамыз күні оны тұтқындау туралы сырттай үкім шығарып қойған. Грузияның бас прокуратурасынан келген хабарламаға сәйкес, Саакашвили ел шекарасын аттап басысымен қолға түседі. Осындай үкім елдің ІІМ-не берілген.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді