Ауылды дамытуға арналған жоба
Қарапайым заттар экономикасы – ауылдарды өркендетудің кепілі. Кәсіпкердің жұмысын жандандырып, тұрғындарды жұмыспен қамтудың қолайлы жолы осы. Шағын кәсіпорындардың көбеюі елді мекендердің көркеюіне септігін тигізеді. Осындай кәсіпорынның бірі – Бірлікүстем ауылындағы кірпіш шығару цехы.











