- Advertisement -

Мемлекет басшысының Жамбыл облысына жұмыс сапары басталды

30

- Advertisement -

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келді, – деп  хабарлайды “ZhambylNews” АА 24.kz-ке  сілтеме жасап.

Президент аймақтағы бірнеше өндірістік нысанды аралап, жергілікті жұртшылықпен кездеседі деп жоспарланған. басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мінген ұшақ «Әулие-Ата» халықаралық әуежайына бірер минут бұрын келіп қонды. Жоспарға қарасақ, Президенттің күн тәртібі өте тығыз. Мемлекет басшысы облыстағы бірнеше өндірістік нысанды аралаумен қатар жергілікті жұртшылықпен кездеседі деп күтіліп отыр.

Жалпы, айта өткен жөн, бұл – Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жамбыл облысына жасаған алғашқы жұмыс сапары. Ал облыстың дамуына келер болсақ, аймақ негізінен индустриалдық-аграрлық бағытты ұстанады. Өңір экономикасы өткен жылы 3,7% өсімді көрсеткен. Бұл – аймақтар арасындағы 8-көрсеткіш. Халықтың әл-ауқатын арттыру мақсатында аймақта үлкен жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бізге берілген ақпар бойынша, осы жылдың қаңтар-сәуір айларының өзінде аймақта 125 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Облыста инвестиция тарту жұмысы ерекше назарда тұр. 2017 жылы құрылған «Тараз инвест» арнайы мекемесінің базасында қазір құны 8 млрд доллардан астам 100 инвестициялық жоба тұр екен, олардың жүзеге асу мерзімі 2019-2026 жылдар деп көрсетілген. Солардың 23-і шетелдік инвесторлардың қатысуымен жүзеге аспақ.

Жалпы, Мемлекет басшысы өңірлерге инвестиция тарту жұмысын ешқашан назарынан тыс қалдырған емес, тіпті әкімдердің жұмысын тартылған инвестиция көлемімен бағалайтынын да айтқан болатын.

zhambylnews.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support