- Advertisement -

«Тоғызқұмалақты» тегін үйренем десеңіз…

54

- Advertisement -

тараз қаласындағы орталық алаңға келіңіз

Қазақ халқының ұлттық спорты тоғызқұмалаққа елімізде соңғы жылдары айрықша назар аударылып келе жатқаны белгілі. Жақында ғана Түркия елінде спорттың осы түрінен бесінші әлем чемпионаты аяқталғаны баршаға мәлім. Сол додада әлемнің 19 елінен үміткерлердің қатысуы тоғызқұмалақтың халықаралық деңгейде таныла бастағанын айғақтай түссе керек-ті.
Қазіргі кезде дәл осы спорт түріне зейін қойған жастар өңірімізде де артып келеді. Төл спортымыздың қанат жайғаны дұрыс-ақ. Осы орайда облыстық қауымдастықтың ұйытқы болуымен орталық «Достық» алаңында қала тұрғындарына тоғызқұмалақ ойынының ережесін түсіндіріп, үйрету жұмыстары қолға алынды. «Бұл жұмысты қолға алу арқылы әр жастағы азаматтарға төл спортымызды үйретуді жөн көріп отырмыз. Ұлттық спортымызды ұлықтағанымыз жөн. Тоғызқұмалақтан әлем чемпионаттары тұрақты түрде өтіп жатқанынан баршаңыз хабардарсыздар. «Достық» алаңына келіп, тоғызқұмалақты үйренемін деушілерге бапкерлеріміз көмектесуге дайын. Бұл шара он күн бойы жалғасады», – дейді облыстық тоғызқұмалақ қауымдастығының төрағасы Батырбек Құлекеев.
Ұйымдастыру-шылардың сөзіне сүйенсек, қазіргі кезде тоғызқұмалақты үйренуге талаптанушылардың қарасы көп екен. Бәлкім болашақ чемпиондар осы спорттың қыр-сырын енді үйреніп жатқан да болар.

 

Табиғат АБАИЛДАЕВ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support