- Advertisement -

Сақтандыру полистерін ресімдеуге қойылатын талаптар

52

- Advertisement -

Бүгінгі күні сақтандыру компанияларының алдында үлкен тапсырмалар тұр. Әлемдегі саяси және реттеуші өзгерістер сақтандыру компаниялары қызметінің бірқатар базалық тәртібін түрлендіруде. Инновациялар және клиенттердің жоғары күтулері бизнесті жүргізу тәсілдерін өзгертуді жеделдететін фактор болып табылады, ал алдыңғы қатардағы сақтандыру компаниялары нарықтың дәстүрлі қатысушыларының орнын алуға ұмтылуда. Атап айтқанда, сақтандыру компаниялары сақтандыру саласындағы технологиялардың дамуынан қалып қалмауға тырысуда.
Алайда, сақтандыру саласындағы тәуекелдерді азайту мақсатында уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі «Сақтандыру қызметі туралы» ҚР Заңына сәйкес реттеудің ерекше режимін жетілдіру дамыту бойынша қажетті шаралар қолдануда.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 269 қаулысына сәйкес, 2019 жылдың 01 қаңтарынан бастап Сақтандыру полистерінің ресімделуіне қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) күшіне енген болатын.
Талаптардың 1 Қосымшасының 2 тармағына сәйкес, сақтандыру полистерінде келесі мәліметтер көрсетілуі тиіс: сақтандырушының атауы, орналасқан жері, телефоны мен банктік деректемелері, сақтанушының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі, экономика секторының коды, резиденттік белгісі (Қазақстан Республикасының резиденті немесе Қазақстан Республикасының бейрезиденті), заңды мекенжайы және (немесе) тұрғылықты жері (жеке тұлғалар үшін), сақтанушының атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі, экономика секторының коды, резиденттік белгісі (Қазақстан Республикасының резиденті немесе Қазақстан Республикасының бейрезиденті), орналасқан жері және нақты мекенжайы, банктік деректемелері (заңды тұлғалар үшін), сақтандыру агентінің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), телефон нөмірі, жеке сәйкестендіру нөмірі (егер ол Қазақстан Республикасының резидент жеке тұлғасы болып табылса) немесе сақтандыру агентінің атауы, орналасқан жері және нақты мекенжайы, телефон нөмірі және бизнес сәйкестендіру нөмірі (егер ол Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғасы болып табылса), сақтандыру объектісін көрсету, сақтандыру жағдайын көрсету, сақтандыру сомасының мөлшері, валюта түрі, сақтандыру төлемін жүзеге асыру тәртібі мен мерзімі, сақтандыру сыйлықақысының (егер төлем бөліп төленсе, сақтандыру жарнасының) мөлшері, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақысының жалпы сомасы және жеңілдікті (бар болса) ескере отырып, сақтандыру сыйлықақысының сомасы, сақтандырушы ұсынатын сақтандыру сыйлықақысының жалпы сомасы және шегерілімді (бар болса) ескере отырып, сақтандыру сыйлықақысының сомасы, валюта түрі, сақтандыру сыйлықақысын төлеу тәртібі мен мерзімдері, сақтандыру агентіне тиесілі комиссиялық сыйақының болуы немесе болмауы туралы көрсету, сақтандыру полисін жасасу күні және оның қолданылу мерзімі, егер сақтандыру полисiнде сақтандырылушы (пайда алушы) көрсетіліп, ол сақтандыру полисі бойынша сақтанушы болып табылмаған жағдайда, сақтандырылушының (пайда алушының) сәйкестендіру нөмірін, резиденттік белгісін және экономика секторын көрсету, сақтандыру полисінің нөмірі (сақтандыру полисін қағаз нысандағы сақтандырушының бланкісінде ресімдеген жағдайда) немесе дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым берген сақтандыру полисінің бірегей нөмірі (сақтандыру полисін электрондық нысанда ресімдеген кезде), сақтандыру төлемін жүзеге асыруға қажетті жетіспейтін құжаттар туралы сақтанушыға немесе сақтандырылушыға хабарлау мерзімдері, эко номикалық қызмет түрі (заңды тұлғалар үшін), сақтандыру полисiнің қолданылатын аумағын көрсету, сақтандырушының қолы (сақтандыру полисі қағаз нысандағы сақтандырушының бланкісінде берілген жағдайда), Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасына сәйкес мәлiметтер қамтылады.
Сонымен бірге, сақтандыру полисінде: экономика секторының коды, экономикалық қызмет түрі, Сақтандыру полисінде қамтылған сақтанушы мен сантандырылушы туралы мәліметтер сақтанушының өтінішінде көрсетілген мәліметтерге сәйкес келеді, оның негізінде сақтандыру полисі ресімделеді, Сақтандыру полисі қағаз нысандағы сақтандырушының бланкісінде ресімделген жағдайда, тараптардың құқықтары мен міндеттерінің сипаты сақтандыру полисінің кері жағында жазылады немесе оған қоса беріледі. Туристі міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру полисінде сақтандырушының ассистанс компаниясының атауы, орналасқан орны, интернет-ресурсы, телефоны мен факсінің нөмірі, электрондық поштасының мекенжайы, сақтандырылушының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), туған күні мен тұрғылықты жері қамтылады. Туристі міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру полисін жасасқанын растау үшін сақтандырушы сақтанушыға сақтандырылушыға қатысты қолданыстағы сақтандыру арқылы қорғаудың болуы туралы растайтын сақтандыру сертификатын электрондық нысанда ресімдейді. Сақтандырылушының талап етуі бойынша сақтандыру сертификаты қағаз нысандағы сақтандырушының бланкісінде ресімделеді.
Сақтандыру сертификатында жоғарыда көрсетілген мәліметтерден басқа сақтандырылушының сақтандыру жағдайы басталған кездегі іс-қимылының тәртібі мен сақтандыру бағдарламасы қамтылады. Сақтандыру объектісін, сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемін (сақтандыру сомасын) және өтелуі тиісті шығыстардың түрлерін, тараптардың құқықтары мен міндеттерінің сипатын, сақтандыру төлемін жүзеге асыру тәртібі мен мерзімдерін, сондай-ақ Туристі міндетті сақтандыру туралы заңда белгіленген сақтандырудың өзге талаптарын көрсету сақтандыру сертификатына қоса беріледі.
Туристі міндеттті сақтандыру бойынша сақтандыру полисі мен сақтандыру сертификаты халықаралық шарттарда, сақтандырылушының уақытша болатын елдің (орнының) заңнамасында көзделген талаптарды ескере отырып толтырылады.
Егер сақтандырушының филиалы сақтандыру полисін ресімдесе, онда сақтандыру полисінде сақтандырушы филиалының атауы, орналасқан орны мен телефоны, филиал басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) қамтылады. Түрлері, талаптары мен тәртібі Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру түрлерін реттейтін жекелеген заңнамалық актілерінде белгіленетін міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру полистері электрондық нысанда ресімделеді. Жүктелген және ерікті шарттары бойынша сақтандыру полистері қағаз нысандағы сақтандырушының бланкісінде және (немесе) электрондық нысанда ресімделеді. Сақтандыру полисінің мәтіні қазақ және орыс тілдерінде, туристі міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру полисі мен сақтандыру сертификатының мәтіні қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ресімделеді.
Сақтандыру полисінің, сақтандыру сертификатының мәтіні олардың ауызша айтылуының тура мағынасына сәйкес түсіндірілуге тиіс. Мәтінде арнайы сақтандыру терминологиясы қолданылған жағдайда, оның толық және бір мәнді түсініктемесі беріледі. Қағаз нысандағы сақтандырушының бланкісінде ресімделген сақтандыру полисіне сақтандырушы мен сақтандыру агенті арасында жасасқан шартта тиісті өкілеттіктер болған жағдайда сақтандыру агенті қол қояды. Қағаз нысандағы сақтандырушының бланкісінде ресімделген сақтандыру полисін, сақтандыру сертификатын толтыру кезінде түзетулер мен шимайларға жол берілмейді.
Қағаз нысандағы сақтандырушының бланкісінде ресімделген сақтандыру полисін немесе сақтандыру сертификатын жоғалтқан жағдайда, сақтандырушы сақтанушының немесе сақтандырылушының өтініші бойынша оның түпнұсқамен бірдей заңдық күші болатын, жоғарғы оң жақ бұрышында «телнұсқа» деген жазуы бар және сақтандыру полисін немесе сақтандыру сертификатын алғашқы берген күн көрсетілген телнұсқасын береді.
Сақтандыру компаниялары сақтандыру полистерін ресімдеген кезде, жоғарыда көрсетілген Талаптардың нормаларын басшылыққа алуы тиіс.
Егер жоғарыда көрсетілген Талаптарды бұзу фактісі анықталған жағдайда, сонымен бірге сақтандыру қызметі туралы басқа да сұрақтар бойынша (міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды қоспағанда) сақтандыру қызметін тұтынушылар Тараз қ., Қазыбек би көшесі, 137 мекенжайында орналасқан ҚР Ұлттық Банкі Жамбыл филиалының Қоғамдық қабылдауына өтініш білдіре алады.

Нұрғиса Несіпбаев
ҚР Ұлттық Банкі
Жамбыл филиалының
жетекші маман-заң кеңесшісі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support