- Advertisement -

Қайран шеше

53

- Advertisement -

– Жағаласа берді енем, тү-үуу, осы! –
деп кейіген әйеліне қосыла,
– Мен де ығыр болдым, бірақ шыдашы, –
деді күйеу, – кеп қалды ғой жасы да.

Қайран шеше бағып-қаққан барлығын,
Тәубе етсе де өтіп жатқан әр күнге,
Ұрпағына өткізе алмай жарлығын,
Айналды енді жасы келген кемпірге.

Баяғыдай зейінді емес баласы,
Қыздары да жүрдім-бардым тыңдайды.
Келіндер де бағынбайды, қарашы,
Бұрын-соңды байқатпап еді мұндайды.

«Бәрін қойшы, немерелер бар, шүкір,
Соларыма сана берсін Құдайым»!
– Түуһ, әжешка, мешать етпей былай, тұр! –
деген дауыс бұзды әже шырайын.

Бесіктегі шөбересін тағы да
Мауқын басып, жөндеп иіскей алмады.
Жатырқасып қарайтындай жабыла
Өзі қолмен еккен бақша, бау-бағы.

Шығармайтын болды тіпті үнін де,
Дұға болды бар сенері, қалқаны.
Қайран шеше күндердің бір күнінде
Дүние салды таусылды да талқаны.

Бұл өмірден бақилыққа кетті Ана,
Қайран шеше сөйтіп бәрін жылатты.
…Бәрі орнында.
Сол кемпірдің тек қана,
Бір айғайы жетпей тұрған сияқты…

Үміт БИТЕНОВА,
ақын.

Талас ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support