- Advertisement -

Тараз маңындағы ауыл тұрғындары қоршаусыз жатқан кен орнына алаңдап отыр 

57

- Advertisement -

Видеодан алынған кадр

Таразда Құмшағал ауылының тұрғындары шағал тас өндіретін кәсіпорын аумағының ашық жатқанына наразылық білдіріп жатыр, — деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Тұрғындардың айтуынша, қоршаусыз кен орны «ажал апанына» айналған. Олардың сөзіне сенсек, терең құздан адам да, мал да құлап мертігіп жатқан көрінеді. Сондықтан халық  қауіпсіздік үшін өндіріс орны басшысынан биік бекініс салуды талап етеді.

Телеарнадағылардың мәліметінше, шағал тас шығаратын кен орнының көлемі күннен күнге ұлғайып, табаны да тереңдей түскен.

«Өзімнің туған інім кетті. Бір емес 4-5 рет өлік болды. Малда енді есеп жоқ. Жылда кетіп жатыр. Былайша айтқанда мынау Құмшағалдың көрі», — дейді Құмшағал ауылының тұрғыны Өркен Бабашев.

Шағал тас шығаратын кәсіпорнының аумағы 72 гектар екен. Компания басшылығы соның тең жартысын ғана қолданамыз дейді. Қалғаны қараусыз жатқан жер деп ақталды. Оның үстіне адам өліп, мал шығыны болды дегені бекер дейді. Ал қоршауды бастап, жарым жолда аяқсыз қалдыруын қаржы тапшылығымен түсіндіреді.

«Учаскенің бір бөлігіне қадалар қадап қойғанбыз. Қоршау жұмысын бірнеше жыл бұрын бастаған едік. Бірақ кейін қаржы тапшылығына байланысты тоқтап қалды. Енді тамызға дейін аяқтаймыз деген ойдамыз. Бірақ тұрғындар бұл уәдеге сенбейді. Cондықтан бұқара биліктен жағдайды бақылауда ұстауды сұрап отыр», — дейді «Шағал» ЖШС өкілі Эльдар Вафин.

tengrinews.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support