- Advertisement -

Біржан Сөктай Жамбыл облысы әкімінің жаңа кеңесшісі болып тағайындалды

80

- Advertisement -

Біржан Сөктай Жамбыл облысы әкімінің жаңа кеңесшісі болып тағайындалды, — деп хабарлайды Tarazy ақпараттық агенттігі.

Біржан Сартбекұлы Сөктай 1981 жылы Талас ауданында дүниеге келген. Ол Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Қазақ тілі әдебиеті және ағылшын» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Біржан Сартбекұлы өз еңбек жолын 2003 жылы Жамбыл облыстық телеарнасынан бастаған. Одан кейінгі әр жылдары Республикалық «КТК», «ОРТ» «Еуразия», «МИР» телерналарында еңбек етіп, шыңдалды. Атырау және Ақмола облыстық телеарналарында басшылық қызметтi де атқарды. «Нұр Отан» партиясының баспасөз қызметiнде, «Түркістан» газеті бас редакторының орынбасары болып қызмет етті.
Б.Сөктай 2018 жылдың қаңтарынан бастап бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі болып еңбек етіп келді.

Жаңа кеңесші облыстың идеологиялық саласына жауап беретін болады.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support