- Advertisement -

Жерлесіміздің кезекті жеңісі

52

- Advertisement -

Батыр Жүкембаев мексикалық қарсыласынан басым түсті

Бірінші жартылай орта салмақ дәрежесінде бақ сынап жүрген жерлесіміз, шулық Батыр Жүкембаев кезекті жекпе-жегінде мексикалық кәсіпқой боксшы Луис Видалеске қарсы шаршы алаңға көтеріліп, өзінің шын мықты екенін дәлелдеді. Он раундқа жоспарланған шайқас лезде аяқталды.
Әрине, мексикалық былғары қолғап шебері мықтылардың қатарында емес. Дегенмен аталмыш елден шыққан боксшылар қашанда төзімді келетін. Сондықтан Видалестен тегеурінді қарсылық күттік. Алайда бәрі біз ойлағандай болған жоқ. Батыр батырға тән шеберлігін көрсете білді.
Жекпе-жек басталған сәттен-ақ отандасымыздың мықтылығы айқын аңғарылып тұрды. Шаршы алаңда өзін еркін сезінген Жүкембаев жойқын соққыларымен мексикалықтың мысын басып тастады. Бірінші раундтың басынан бастап белсенділік танытқан шулық жампоз раунд аяқталар тұста шайқасты аяқтады. Батырдың ауыр соққысына шыдас бермеген мексикалық нокдаун алды. Рингтегі рефери есеп ашқан болатын. Дегенмен ол Видалестің хәлі мүшкіл екенін лезде түсініп, кездесуді аяқтау туралы шешім қабылдады. Техникалық нокаут! Кезекті жеңіс.
Кездесуді жарқын жеңіспен аяқтаған жерлесіміз жекпе-жектен кейін өз ойымен бөлісті. Бұл жеңіске бірінші кезекте Алланың қалауымен қол жеткіздім. Екіншіден, сіздердің қолдауларыңыз мені жігерлендірді. Бұл менің кәсіби мансабымның бастамасы ғана деп білемін. ИншАлла, үлкен жекпе-жектер алда деген ойдамын», – деді ол ойын ортаға салып.

Табиғат АБАИЛДАЕВ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support