- Advertisement -

Жоңғар Алатауының бөктерінде сиверс алмасы гүлдеді

113

- Advertisement -

Жоңғар Алатауының бөктерінде сиверс алмасы гүлдеді

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат — Жоңғар Алатауының бөктерінде сиверс алмасы гүлдеді. Осыған қарай Сарқан ауданы, Тополевка ауылында екінші жыл қатарынан фестиваль ұйымдастырылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат  тілшісі.

Елбасы Н. Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында Қазақстан алма мен қызғалдақтың Отаны деп атап өткен болатын. Бүгінде бұл факт ғылыми тұрғыда дәлелденіп отыр. Ал Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында өсетін жабайы сиверс алмасы әлемдегі барлық сорттардың арғы атасы. Дәл осы жабайы жемістің гүлдену сәтін тамашалауға соңғы жылдары халық шетелден де арнайы келетін болып жүр. Алматы облыстық туризм басқармасы мен Сарқан ауданының әкімдігі өңірде туризмді дамыту мақсатында фестиваль ұйымдастырып, қазақтың мәдениетін танытуды қолға алды.

«Елдер естісе, елдер көрсе, елдер білсе жерді де таниды. Алманың нағыз өскен жерін тамашалауға келеді. Бұл туризм. Туризм  деген жаңа жұмыс орындары деген сөз», дейді аудан басшысы Марат Разбеков.

Жоңғар Алатауының бөктерінде сиверс алмасы гүлдеді

Фестиваль аясында ұлттық ойындар ойнатылып, салт-дәстүрлеріміз ұлықталып, қонақтарға қазақ халқының бай дастархан мәзірі ұсынылды. Арнайы жол талғамайтын көліктермен алма гүлдейтін жерлерге саяхаттар ұйымдастырылып, туристер гүлге оранған жеміс құшағында суретке түсу мүкіндігіне ие болды. Ұлттық парк қызметкерлері алманың тарихы туралы мағлұмат беріп, жабайы ағашты қорғап қалу бағытындағы жұмыстар түсіндірілді.

Жоңғар Алатауының бөктерінде сиверс алмасы гүлдеді

Жоңғар Алатауы ұлттық паркі Сарқан филиалы директорының орынбасары Тоғжан Айқұлақованың айтуынша, жыл сайын 2 мың түп сиверс алмасының көшеті егіледі. 2017 жылдан бері алма қоры бірнеше гектарға ұлғайған.

Жоңғар Алатауының бөктерінде сиверс алмасы гүлдеді

Болашақта облыстық туризм басқармасы мен жергілікті билік фестиваль аясын кеңейтіп, халықаралық деңгейде өткізбек.

Жоңғар Алатауының бөктерінде сиверс алмасы гүлдеді

 

kazinform.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support