- Advertisement -

Батыр Жүкембаев Канададағы жекпе-жегі алдында салмақ өлшеді 

44

- Advertisement -

Фото: Eye of the Tiger Management

Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев мексикалық Луис Хесус Видалеске қарсы жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсіміне қатысты, — деп хабарлайды Vesti.kz.

Бірінші жартылай орта салмақтағы жекпе-жек 17 мамырда канадалық Монреальда өтеді. Астана уақытымен кездесу 18 мамырда таңда басталады. Жекпе-жек он раундқа жоспарланған.

Боксшы салмақ өлшеу рәсімінің видеосын Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.

Бұған дейін Батыр Жүкембаев Golden Boy промоутерлік компаниясымен келісімшартқа отыруға жақын екенін хабарлаған еді.

Боксшы кәсіпқой рингте 15 жекпе-жек өткізіп, оның бәрінде жеңіске жетті. 12 кездесуді нокаутпен аяқтаған.

tengrinews.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support